Түркия төңкерісіндегі өлім-жітімнің саны артуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11233-Түркия_төңкерісіндегі_өлім_жітімнің_саны_артуда
Түркия премьер-министрі сол елде болған төңкерістегі өлім-жітім санының артуын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 16, 2016 18:18 Asia/Almaty
  • Түркия төңкерісіндегі өлім-жітімнің саны артуда

Түркия премьер-министрі сол елде болған төңкерістегі өлім-жітім санының артуын хабарлады.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым бүгін, сенбі күні осы елдің үкіметіне қарсы төңкеріс жасау талпынысында қаза тапқандардың санының 265 адамға жеткенін хабарлады. Йылдырым сонымен қатар Стамбұл мен Анкара қалаларындағы өткен түндегі қақтығыстар салдарынан 1440 адамның да жарақат алғанын мәлімдеді.

Түркия премьер-министрі сөзінің жалғасында Түркияның 1839 әскериінің төңкеріске қатысты деген айыппен ұсталғанын айтты.

Бұдан бұрын Түркияда төңкеріс орнатуға талпыныс жасау әрекетінде кісі өлімі 90, жарақат алғандардың саны 1154 адам деп хабарланған болатын.

Түркия кеше түнде осы елдің әскерилерінің Реджеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы төңкеріс орнатуға талпыныс жасауына куә болды. Бірақ олардың әрекеттері нәтижеге жетпей, жеңіліс тапты.