Иран мен Түркия Сыртқы Істер Министрлері телефонмен үшінші рет сөйлесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11245-Иран_мен_Түркия_Сыртқы_Істер_Министрлері_телефонмен_үшінші_рет_сөйлесті
Иран Сыртқы Істер министрі Түркияда дағдарыс басталғаннан бері осы елдің Сыртқы Істер министрімен үшінші рет телефон арқылы сөйлесіп, пікір алмасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 16, 2016 19:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия Сыртқы Істер Министрлері телефонмен үшінші рет сөйлесті

Иран Сыртқы Істер министрі Түркияда дағдарыс басталғаннан бері осы елдің Сыртқы Істер министрімен үшінші рет телефон арқылы сөйлесіп, пікір алмасты.

Осы сұхбатта Түркия Сыртқы Істер министрі Мевлют Чавушоглу Иран Сыртқы Істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен елінің қазіргі жағдайы туралы сөйлесті.

Мохаммад Джавад Зариф Түркиядағы орын алып жатқан өзгерістердің басынан сол елдегі демократиялық үдерістегі халықтың рөлі мен халықтың дауысына құрмет көрсетуді қуаттап келеді.

Иран Сыртқы Істер министрі бұдан бұрын да Түркиядағы жуырдағы оқиғаларға реакция білдіргенде тұрақтылық пен демократия және Түркия халқының қауіпсіздігін маңызды мәселелер деп атап: «Түркия халқының демократия мен өздерінің сайлаған үкіметін батылдықпен қорғауы төңкерістің аймақта ешқандай орынға ие емес екендігі мен жеңіліс табады деген ақиқатты дәлелдеді» деді.

Хабар дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес, Түркиядағы әскерилердің сенбіге қараған түні жүзеге аспаған төңкерістік әрекеттерінде 265-тен астам адам өліп, 440 адам жарақат алып, 2000-нан астам адам құрықталған.

Дәл қазір Түркияның жағдайы тыныш деп хабарлануда.