Сириялық күштер елде тыныштық пен қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасауда
Сирия күштерінің елдің түрлі аймақтарында тыныштық пен қауіпсіздік орнату жолындағы талпыныстары жалғасуда.
Сирия армиясының күштері халықтық күштердің демеушілігімен осы елдің солтүстігіндегі Халеб облысына қарасты стратегиялық маңызды елді мекен Джеб Ғабишты (Jebb Ghabishah) ИСИМ лаңкестік тобы лаңкестерінің басқыншылығынан азат етті.
Сирия армиясының осы амалдары барысында ондаған лаңкестің көзі жойылды.
Сондай- ақ Сирия армиясы Кенсебба стратегиялық аймағының іші мен оның төңірегіндегі төбелерде өзінің әскери бекіністерін нығайтып, Түркиямен барлық шекаралық өткелдерді және ИСИМ лаңкестік тобына көмек жеткізілетін жолдарды жауып тастады.
Сирия армиясы осы елдің батысындағы Латакияның солтүстік маңында алға ілгерілеушілігін жалғастырып, осы аймақтағы лаңкестік топтардың құзырын аяқтауға дайындалуда.
Сирияның орталығы Хомста да армия күштері Хомстің оңтүстік-шығысындағы Ғаритин қалашығының маңына жетті. Осы аймақта лаңкестермен шайқас жалғасуда.
Сирия армиясы әр-Раваби аймағындағы жоталарды да өз бақылауына алды.