Тамыз айында бахрейндік танымал дінбасы сотталады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11266
«Al-Alam» тамыз айында бахрейндік танымал дінбасының сотталатынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 17, 2016 14:07 Asia/Almaty
  • Тамыз айында бахрейндік танымал дінбасы сотталады

«Al-Alam» тамыз айында бахрейндік танымал дінбасының сотталатынын хабарлады.

«Al-Alam» телеарнасының сенбі күнгі бахрейндік дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Халифе әулеті режимінің соты бахрейндік танымал дінбасы шейх Иса Ғасем мен елдің саяси белсенділерінің бір тобына қатысты сот ісін 1 тамыздан бастайды. Осындай жағдайда бахрейндіктердің шейх Иса Ғасемнің үйінің алдында оның әл-Дераз аймағындағы азаматтығының күшін жоюға наразылық білдірген ереуілді жалғастырып жатқаны хабарланды.

Ереуілшілер ұран тастап, шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыруға қарсылықтарын білдірді.

Бахрейн 2011 жылдың 14 ақпанынан бастап Халифе әулеті режимінің озбырлығына қарсы халықтық көтерілістерге куә болып отыр.