Бахрейннің ұлттық бірлік исламдық жамиғаты таратылды
Шіл 17, 2016 20:30 Asia/Almaty
Халифе әулеті режимі осы елдегі ең маңызды қарсылас топ, Бахрейннің ұлттық бірлік исламдық жамиғатын таратты.
Халифе әулеті режимінің сот мекемесі Бахрейннің ұлттық бірлік исламдық жамиғатын тарату және оның мал- мүлкін тәркілеуге қатысты соңғы үкімін шығарды. Қабылданған шешім бойынша, жамиғаттың мал- мүлкі Халифе әулеті режимінің пайдасына тәркіленеді.
Бахрейннің ұлттық бірлік исламдық жамиғаты Халифе әулеті режиміне қарсылас ең үлкен топ болып табылады. Осыдан бұрын Бахрейннің сот мекемесі осы елдің Әділет министрлігінің шағымдануымен Бахрейннің ұлттық бірлік исламдық жамиғатының қызметін тоқтату туралы үкім шығарған болатын.
Тегтер