Рухани: Әскери төңкерістің дәуірі аяқталған
ИИР президенті әскери төңкеріс пен зеңбірек және танктің дәурені аяқталғанын айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Иранның батысында орналасқан Керманшаһ облысының тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде Түркиядағы әскери төңкеріске сілтеме жасап: «Өкінішке орай, аймақта кейбіреулер әскери төңкеріспен билікті ауыстыруға, танк, ұшақ және тікұшақпен халықтық қалаулы үкіметті құлатуға болады деп ойлайды.
Аймақта басқыншы режим бар. Лаңкестерге қолдау көрсетіп, Йеменнің қорғансыз халқын бомбалап жатқан режим бар.
Сирия, Ирак, Бахрейн және Йемен үшін қиыншылықты шешудің жалғыз жолы дауыс беру жәшігі болып табылады» деп мәлімдеді.
ИИР президенті сондай- ақ кейбір басшылардың қомақты айлық, жалақылары негізіндегі заң бұзушылықтарға тоқталып: «Өкінішке орай, өткен жылдары осы негізде барлық аппараттарда заң бұзушылықтар орын алған. Бұл тек атқарушы аппаратқа ғана қатысты емес, барлық аппараттар мен органдарда осындай заң бұзушылықтар орын алған.
11- ші үкімет өрескелдіктермен күресіп, осы жолды жалғастырады» деп қуаттады.