Ердоған қарсылас партиялардың басшылары мен Түркия Парламентінің төрағасына алғыс айтты
(last modified Sun, 17 Jul 2016 15:56:18 GMT )
Шіл 17, 2016 21:56 Asia/Almaty
  • Ердоған қарсылас партиялардың басшылары мен Түркия Парламентінің төрағасына алғыс айтты

Түркия президенті әскери төңкеріске қарсылық танытқан осы елдегі қарсылас партиялардың басшыларына алғыс айтты.

Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша бұрынғы орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Түркияда қалыптасқан дағдарыс туралы: «Режеп Тайып Ердоған мен Башар Асад халықтың дауыс беруімен және демократиялық жолмен билік басына келген екі маңызды мемлекеттің, яғни Түркия мен Сирияның заңды президенттері болып табылады. Иран ислам республикасы Түркия президенті мен заңды үкіметіне қарсы әскери төңкерісті қатаң түрде айыптайды. Осы әскери төңкеріс ел ішіндегі кейбіреулердің қиянат етуімен және сырттан жасырын түрде қолдау көрсетумен қалыптасты.

Иранның Түркия президентін, үкіметін және халқын қолдауы маңызды көршісін, стратегиялық одақтасын және демократияны қолдау болып табылады» деді.

Соңғы жылдарда да Сирия мәселесінде тәкфирлік және сионистік адамдар шетелдіктердің жаппай қолдау көрсетуімен Сирияның заңды үкіметін құлатуға әрекет жасады. Теһран осы әрекеттерді демократия мен Сирия халқының дауысына қарсы санап, лаңкестердің шабуылдары алдында Сирияның заңды президентін, халқын және армиясын қатты қолдап отыр» деді.