Иран «әл-Уафақ» исламдық қоғамының таратылуына реакция білдірді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн халқының «әл-Уафақ» исламдық қоғамын таратуды сындарсыз әрі түйткіл тудырушы шара деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні түстен кейін Бахрейн соты тарапынан осы елдің «әл-Уафақ» исламдық қоғамының таратылуына реакция білдіріп: «Мұндай әрекеттер бейбіт емес тәсілдерді көздейтін адамдарға жолды ашып береді.
Бахрейннің әл-Уафақ» исламдық қоғамын тарату ұстамшыл тұлғалар мен ұйымдарға ұйымдасқан түрде қысым жасауды арттыру аясында жүзеге асырылып жатыр әрі Халифе әулеті үкіметінің қиындықтар мен мәселелерді шешуді мақсат тұтпайтынын көрсетеді»,-деп мәлімдеді.
Ғасеми ұстамшыл қоғамдарды тарату және Бахрейн халқы құрметтейтін саяси және діни тұлғаларды азаматтықтан айырудың Бахрейн үкіметінің мүддесіне қайшы екенін айтып, Бахрейннің мемлекеттік қайраткерлеріне тек қана қауіпсіздік және полициялық шараларды күшейте бермей, сенім тудыратын шаралар атқарып, Бахрейн қоғамында көбірек интеграция болуы үшін сындарлы да байсалды диалогтың өтуіне қажетті жағдай жасауға кеңес берді.