Түркияның Қорғаныс министрі: Төңкеріс жеңіліс тапты, алайда әлі де қауіп бар
(last modified Mon, 18 Jul 2016 09:52:51 GMT )
Шіл 18, 2016 15:52 Asia/Almaty
  • Түркияның Қорғаныс министрі: Төңкеріс жеңіліс тапты, алайда әлі де қауіп бар

Түркияның Қорғаныс министрі: «Елдегі әскери төңкеріс жеңіліс тапты, алайда төңкеріс қаупі әлі толық жойылған жоқ»,-деп қуаттады.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің Анкарадан хабарлауы бойынша, Фекри Ишик жексенбі күні Түркия Парламенті депутаттарының алдында: «Қауіпсіздік күштері елдегі әскери төңкерісті залалсыздандырып, жағдайды толық өз бақылауына алды, алайда қауіп толығымен жойылды деп айтуға әлі ерте»,-деді.

Осындай жағдайда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің тұрғын үйі алдында жиналып, төңкерісшілерді өлім жазасына кесуді талап еткен бір топ жақтастарына айтқан сөзінде: «Сәтсіз төңкерістен кейін өлім жазасына кесуді ешбір себеппен кешеуілдетуге болмайды»,-деді.

Ердоған, сондай-ақ, өзінің жақтастарынан жұма күнге дейін төңкерісшілерге қарсы наразылық білдіріп, көшелер мен алаңдарға шығуды жалғастыруды сұрады.

Сонымен қатар, Түркия үкіметіне қарсы діни тұлғалардың бірі Фетхулла Гюлен АҚШ соттарының оны Түркияға экстрадициялау туралы кез-келген үкімін қабылдайтынын мәлімдеді.

Түркияның Әділет министрі: «Тазарту амалдары барысында 6000-ға жуық адам қамауға алынды. Бұл көрсеткіш артатын болады»,-деді.