«Әл-Уафақ» қоғамының таратылуы – Халифе әулетінің демократиямен соғысы
Халифе әулеті режимі Бахрейн халқының талабын ескерместен, бұрынғыдай басып-жаншу саясатын ұстанып, осы елдегі адам құқығы мен демократияны құрдымға әкетуде.
Халифе әулетінің бейбіт наразылықтарға қатысты реакцияшыл қатынасы тек Бахрейннің революцияшыл халқын басып-жаншумен шектелмейді, қарсылас саяси топтардың жұмыстары да бірінен соң бірі тоқтатылып, жабылып жатыр.
Бір бахрейндік сот жексенбі күні Бахрейн халқының «әл-Уафақ» исламдық қоғамын таратуға және оның мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Осы үкім бойынша, «әл-Уафақ» қоғамының мүлкі мен активтері Халифе әулеті режимінің пайдасына тәркіленеді. Бұдан бұрын Бахрейннің әкімшілік соты осы елдің Әділет министрлігінің шағымынан кейін «әл-Уафақ» исламдық қоғамының жұмысын тоқтату туралы үкім шығарған болатын. Мұнымен қоса, Халифе әулеті режимі сот органының үкімімен Бахрейннің «әл-Тауие» және «әл-Ресале әл-Исламие» саяси қоғамдары да таратылған болатын.
Халифе әулеті режимі Бахрейн халқының көтерілісін басып-жаншу саясатын үш кезеңде жүзеге асырып жатыр: наразы халыққа қатігез қатынас көрсету, қамауға алу, азаптау, ақырында оларды азаматтыққан айыру – бұл 2011 жылы 14 ақпанда көтеріліс басталғанған кейін қолданылған басып-жаншу саясатының бірінші кезеңі болды.
Өткен 5 жылдың ішінде бейбіт наразылықтарға қатігез қатынас көрсету жеңіліс тапқан тәжірибе болды, өйткені Бахрейн халқының көтерілісі бұрынғыдай алғашқы күндердегі сияқты жалғасып жатыр. Бахрейндегі көшелер әлі де тәулік бойы көтерілістің алғашқы күндеріндегідей бахрейндік наразы жастарға толы.
Халықтық наразылықтар кеңейгеннен кейін көтерілістің саяси-идеологиялық жетекшілерімен күресу Халифе әулеті режимінің күн тәртібіне қойылды. Халифе әулеті режимі революцияшыл халықтың жиналып, осы елдің үлемдерінен көтеріліс жолында әрекет ету тәсілін үйренетін жері ретінде мешіттерді қирату арқылы іс жүзінде Бахрейн халқы көтерілісін басып-жаншу саясатының екінші кезеңін бастады. Бұл кезең соңғы кезде үлемдерді қамауға алып, оларды азаматтықтан айыру арқылы шарықтау шегіне жетті. Бахрейн халқының «әл-Уафақ» таратылған исламдық қоғамының Бас хатшысы шейх Әли Салманды бостандықтан айыру мерзімінің 4 жылдан 9 жылға ұзартылуы, Бахрейннің танымал дінбасы шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыру – осының барлығы Халифе әулетінің Бахрейн халқы көтерілісінің идеологиялық негіздерімен күресуіне бағытталған саясатын құрайды.
Халифе әулеті режимі Бахрейн халқы көтерілісінің рухани жетекшісі шейх Иса Ғасемді 2016 жылдың тамыз айында «заңсыз мүлік жинады және ақша жылыстатты» деген айыппен соттайын деп отыр. Мұнымен қоса, Бахрейндегі саяси қоғамдардың бірінен соң бірі жабылуы Халифе әулеті режимінің бейбіт наразылықтармен қатынасындағы қатігез саясатының үшінші кезеңі болып отыр. Бахрейн көтерілісіне саяси жетекшілік ететін қоғамдарды тарату адам құқығы мен демократияны бағаламайтын Халифе әулеті режимінің реакцияшыл және диктаторлық қатынасының шарықтау шегіне жеткенін көрсетеді.
«Әл-Уафақ» исламдық қоғамының Халифе әулеті тарапынан таратылуы Бахрейнде саяси үдерістің жойылғанын көрсетеді. Бұл режим шиіттік көпшілік пен оларға қатысты ұйымдарды қоғамнан шығару жолында тайпалық жақтастық пен монополизацияны алға тартып отыр. Аалйда мұндай саясаттың салдарынан Бахрейнде наразылықтардың кеңейе түсетіні анық.