Рухани: Иран Түркия үкіметі мен халқының қасынан табылады
Иран Президенті Түркия Президентімен телефон арқылы сұхбатта бұл елдегі сәтсіз төңкерісті айыптап, Иранның Түркия үкіметі мен халқының қасынан табылатынын айтты.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында: «Түркия халқының демократия мен өзі таңдаған үкіметті қорғауы аймақта зорлыққа негізделген тәсілдерге орынның жоқтығын көрсетті»,-деді. Хасан Рухани Түркияда тұрақтылықтың қайта орнағанына қуаныш білдіріп: «Түркияның тұрақтылығы мен тыныштығы бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығының нығаюына септігін тигізеді. Иран кейбір алпауыт елдер мен лаңкестердің ислам елдерінде тұрақтылықтың болуын қаламайтындығына күмән келтірмейді»,-деп мәлімдеді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Президентінің телефон арқылы хабарласқанына ризалық білдіріп: «Түркия аймақтағы қиыншылықтарды шешіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін Иран және Ресеймен әріптестік жасауға бел байлап отыр»,-деп баса айтты.