Түркияның Қаржы министрлігінің 1500 қызметкері қызметтен босатылды
Шіл 19, 2016 21:41 Asia/Almaty
Түркияның Қаржы министрлігі дүйсенбі күні осы министрліктің кемінде 1500 қызметкерін «Hizmet» қозғалысымен ынтымақтастық жасап, осы елдегі сәтсіз әскери төңкеріспен байланысы болды деген айыппен қызметтен босатты.
Түркия ІІМ де өзінің 8 мыңнан астам қызметкерін, соның ішінде бірнеше облыс әкімі мен инспекторды осындай айыптаулармен лауазымдарынан босатты. Жұма күні кешке Түркияда болған сәтсіз әскери төңкерістен кейін Түркия президенті мен үкіметінің қарсыластарын ұстау шаралары күшейіп жатыр.
Тегтер