Түркияның Қаржы министрлігінің 1500 қызметкері қызметтен босатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11407-Түркияның_Қаржы_министрлігінің_1500_қызметкері_қызметтен_босатылды
Түркияның Қаржы министрлігі дүйсенбі күні осы министрліктің кемінде 1500 қызметкерін «Hizmet» қозғалысымен ынтымақтастық жасап, осы елдегі сәтсіз әскери төңкеріспен байланысы болды деген айыппен қызметтен босатты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 19, 2016 21:41 Asia/Almaty
  • Түркияның Қаржы министрлігінің 1500 қызметкері қызметтен босатылды

Түркияның Қаржы министрлігі дүйсенбі күні осы министрліктің кемінде 1500 қызметкерін «Hizmet» қозғалысымен ынтымақтастық жасап, осы елдегі сәтсіз әскери төңкеріспен байланысы болды деген айыппен қызметтен босатты.

Түркия ІІМ де өзінің 8 мыңнан астам қызметкерін, соның ішінде бірнеше облыс әкімі мен инспекторды осындай айыптаулармен лауазымдарынан босатты. Жұма күні кешке Түркияда болған сәтсіз әскери төңкерістен кейін Түркия президенті мен үкіметінің қарсыластарын ұстау шаралары күшейіп жатыр.