Иран Сыртқы істер министрі Бахрейндегі қазіргі өзгерістерге алаңдаушылық білдірді
Иран Сыртқы істер министрі Бахрейндегі қазіргі өзгерістерге алаңдаушылық білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында Бахрейн қауіпсіздік күштерінің осы елдің аға дінбасшысы шейх Иса Ғасемнің үйіне басып кіруіне реакция білдіріп: «Аймақта басқа бір апатты оқиғаның алдын алу үшін әлем елдері мен халықаралық қауымдастық іс-қимыл жасауы керек»,-деп баса айтты. Сейсенбі күні кешке Халифе әулеті әскерилерінің әл-Хейдарие ауданында бахрейндіктердің митинг өткізген жеріне шабуылынан кейін мыңдаған бахрейндік осы ел халқы көтерілісінің рухани жетекшісі шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы әл-Дираз алаңында жиналып, оған қолдау көрсетіп ұран тастады. Кейбір ақпарат көздері Халифе әулеті әскерилерінің шейх Иса Ғасемнің үйіне шабуыл жасағанын хабарлады.
Шейх Иса Ғасем Бахрейн халқы көтерілісінің жалғасуында маңызды рөлге ие. Сондықтан Халифе әулеті режимі оны азаматтықтан айырды. Шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы митинг бір ай бұрын Бахрейн режимі оны азаматтықтан айыруға шешім қабылдаған кезбен бір мезгілде басталды.