Әмир Абдоллаһиян: Америка ДАИШ тобын басып-жаншымайды
(last modified Wed, 20 Jul 2016 15:06:44 GMT )
Шіл 20, 2016 21:06 Asia/Almaty
  • Әмир Абдоллаһиян: Америка ДАИШ тобын басып-жаншымайды

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі "Америка ДАИШ лаңкестік тобын басып-жаншымайды" деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиян Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ- тың Ирактағы жаңа саясатын баяндап: "Америка Иракта ДАИШ лаңкестік тобын басқарып отыр. Америка  оны басып-жаншу көздемейді" деді.

Әмир Абдоллаһиян сондай- ақ қарсыласу өзегінің, әсіресе Ливан мен Палестинадағы жағдайы жөнінде айтқан сөзінде қарсыласу қозғалысының қазір ең жақсы жағдайда тұрғанын мәлімдеді.

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Йемен дағдарысы және Сауд Арабиясының әскери шапқыншылығының жалғасуы туралы: "Йеменнің әскери шешім жолы жоқ. Сауд Арабиясының билеушілері осы шапқыншылықтан әйелдер, балалар және қорғансыз халықты өлтіру мен Йеменнің инфрақұрылымдарын ойрандаудан басқа еш нәтижеге жетпейді" деді.

Әмир Абдоллаһиян сондай- ақ Бахрейн оқиғаларына, әсіресе Халифе әулеті режимінің «әл- Вефақ» жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманды құрықтау мен соттау және Бахрейн шиіттерінің көсемі шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыру шарасына сілтеме жасап: "Өкінішке орай, бұл Бахрейн билеушілерінің сұхбаттасу, демократия және ұлттың құқығын құрметтеуден гөрі күш көрсету тәсілін құп көріп отырғанын көрсетті" деді.