Израиль мен Сауд Арабиясы Ливанға қарсы соғыста ынтымақтастық жасады
Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздігін зерттеу кеңсесінің төрағасы Израиль мен Сауд Арабиясының Ливанға қарсы 33 күндік соғыста ынтымақтастық жасағанын мойындады.
«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің ішкі қауіпсіздігін зерттеу кеңсесінің төрағасы Амус Ядлин: "Сауд Арабиясы Израиль армиясының Ливанға қарсы 33 күндік шабуылы барысында Израиль армиясына стратегиялық мәліметтер ұсынды" деді.
Сионистік режим 2006 жылы Ливанға қарсы 33 күндік соғыста Ливан Хезболласынан жеңіліп, ауыр шығынға ұшырап, осы соғыста кері шегінді.
Сионистік режим армиясының бұрынғы Барлау ұйымының төрағасы сондай-ақ: "Саудиялықтар Ливан Хезболласының аймақта жеңіліске ұшырауын қолдады" деді.
Сауд Арабиясы ислам мемлекеті және Исламдық Ынтымақтастық Ұйымын қабылдаушы ел ретінде соңғы жылдары исламға қарсы саясат ұстанып, сионистік режимге көп көмек көрсетіп келеді.