Иран Сириядағы бір ауылды бомбалауды айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11491
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы франциялық қырғи ұшақтардың Сирияның солтүстігіндегі бір ауылды бомбалауын айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 21, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Иран Сириядағы бір ауылды бомбалауды айыптады

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы франциялық қырғи ұшақтардың Сирияның солтүстігіндегі бір ауылды бомбалауын айыптады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Сирияның солтүстігінде Халеб облысына қарасты Тохар елді мекенін бомбалауды айыптап: "Бомбалау және бейкүнә халықты, әсіресе әйелдер мен балаларды қыру қандай мақсатта болмасын ақтауға келмейтін, айыпталатын  қылмыс. Бұл халықаралық қағидаларға қайшы" деді.

Халықаралық коалиция құрамындағы Франция армиясы қырғи ұшақтарының сейсенбі күні ДАИШ лаңкестік тобы оны жаулап алып, қарапайым халықты адам қалқаны ретінде пайдаланып жатқан Халеб облысына қарасты Манбидж стратегиялық қаласындағы Тохар елді мекеніне жасаған әуе шабуылы барысында ондаған әскери емес азамат қаза болып, көптеген кісі жараланды.