Иран мәжілісінің төрағасы Бахрейн үкіметінің бұрыс әрекетін сынады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Халифе әулеті режимінің осы елдегі мұсылмандарға қарсы жөнсіз әрекетін сынады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Халифе әулеті режимінің осы елдегі мұсылмандарға қарсы жөнсіз қылықтарын айыптап: "Бахрейн үкіметінің ислам үлемдеріне қарсы жөнсіз әрекеті ислам әлемінің қоғамдық пікіріне сызат түсірді" деді.
Лариджани Бахрейн билігіне кеңес беріп, Манамадан адам құқығын құрметтеуді және осы елдің халқымен қатынас жасау тәсілін түзетуді сұрап: "Бахрейн үкіметінің өзі текетірес тудырушы болмауы керек. Осы елдегі танымал рухани қайраткер шейх Иса Ғасем Бахрейн елі мен аймаққа үлкен қызмет жасаған адам" деп мәлімдеді.
Лариджани сондай- ақ халықаралық ұйымдардың Халифе әулеті режимінің ислам әлемінің үлемдері және мұсылман халыққа қарсы адамгершілікке жатпайтын әрі адамзат құқығы қағидаларына қайшы келетін қылықтарына үнсіздік танытуын өкінішті деп қуаттады.