Сионистік режим Газа қоршауын күшейту үшін жаңа жобасын ілгерілетуде
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11506-Сионистік_режим_Газа_қоршауын_күшейту_үшін_жаңа_жобасын_ілгерілетуде
Сионистік режимнің Жол және көлік министрі Израиль Кац жаулап алынған Палестинада өткен баспасөз конференциясында Газа жағалауларында индустриалдық арал салу жобасын мәлімдеп: "Осы жоба Газа қоршауын жалғастыру және Мысырдың аймаққа тауар кіргізуге қарсылығы негізінде орындалады" деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 21, 2016 19:14 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа қоршауын күшейту үшін жаңа жобасын ілгерілетуде

Сионистік режимнің Жол және көлік министрі Израиль Кац жаулап алынған Палестинада өткен баспасөз конференциясында Газа жағалауларында индустриалдық арал салу жобасын мәлімдеп: "Осы жоба Газа қоршауын жалғастыру және Мысырдың аймаққа тауар кіргізуге қарсылығы негізінде орындалады" деді.

«Maariv» сионистік газетінің мәлімдеуінше, Мысыр президенті Абдолфаттах әс-Сиси Газа секторы қоршауын тарылту үшін Израильге жағымпаздануының жалғасында осы жобаны іске асыруға ынтымақтастық жасайды. Мысыр әрдайым Газа секторы тұрғындарының негізгі байланыс жолдарына жататын Рафах өткелін жабу арқылы сионистік режимнің осы аймаққа таңған адами және экономикалық дағдарысты күшейтіп отыр.

Израиль әрдайым палестиналық аймақтарға, әсіресе теңізден көбірек үстемдік ету үшін жобаларды қарастырып, Газаның төңірегіне индустриалдық арал салу сияқты жобаларды ұсыну арқылы осы шеңберде қадам жасап отыр.

Кейбір Батыс үкіметтері де Израиль режиміне индустриалдық арал салуға көмектесуге әзірлік танытқан. Осының өзі бұл үкіметтердің Израильдің Палестина халқына қарсы астыртын әрекеттерімен үйлесімділігін аңғартады. Әлемдік қауымдастықтың сионистік режимге қатысты немқұрайдылығы осы режимнің өз үстемқұмарлығын жалғастыруға батылын арттырып отыр. Сондықтан бұл режим палестиналықтарға қарсы экспансистік шараларының жаңа кезеңін ілгерілетуді мақсат етуде.

Сионистік режим өзінің экспансистік саясатын ілгірелету үшін түрлі құралдарды қолданады. Қалашық салу және бөгесін дуалын тұрғызу осы режимнің палестиналық аймақтарда үстемқұмарлық саясатын ілгерілету тәсілдерінің қатарына жатады. Бұған қоса сионистік режим жасанды аралдар салу арқылы Палестинаның картасын өзгертуді және сионистік кешендермен Палестинаны қоршауды мақсат етіп отыр.

Израиль режимі осы жобамен палестиналық аймақтардың жағырапиялық құрамын сионистердің пайдасына өзгертумен палестиналық жерлерге сионистік келбет беруді көздеп отыр. Сионистік режим көп қолданысқа, соның ішінде әскери қолданысқа ие жасанды аралдар салумен өзінің Жерорта теңізіне ықпалын кеңейтуді көздеуде. Бұл тақырып Жерорта теңізін осы режим тарапынан көбірек қауіп- қатерге ұшыратуы мүмкін. Осындай мақсаттар аймақта алаңдаушылық тудырып отыр.

Сионистік режимнің палестиналық аймақтарға біртіндеп үстемдік ету жолындағы әрекеттері қоғамдық пікірдің реакциясын тудырды. Бұл тақырып әлемдік қауымдастықтың сионистік режимнің палестиналық аймақтар мен аймаққа кез- келген үстемдік етуіне деген сезімталдығын аңғартады.

Қоғамдық пікірдің сионистік режимнің үстемқұмарлық шараларына деген наразылығы палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың осы режимнің палестиналық аймақтарға қатысты  үстемқұмарлық саясатына төзе алмайтынын  аңғартады.