Түркияда үш айға төтенше жағдай жарияланды
(last modified Thu, 21 Jul 2016 15:26:34 GMT )
Шіл 21, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Түркияда үш айға төтенше жағдай жарияланды

Түркия президенті елінде таяуда жүзеге аспай қалған әскери төңкеріс әрекетінен кейін үш айға төтенше жағдай жариялап, Түркияның Үкімет мүшелерінің осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Түркия президенті сонымен қатар «Еуропалықтардың Түркияның төтенше жағдай жариялау шешімін сынауға еш хақысы жоқ» деп қуаттады. Ол сөзінің бір бөлігінде өзін Түркия армиясының Бас қолбасшысы деп, төңкерісшілерді «вирус» және «обыр індеті» деп атады.   

Ердоғанның сөзінен кейін Түркияның Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесі жарияланды. Онда сол елдің Конституциясының 120 бабына сәйкес үш айға төтенше жағдай орнату үшін өтініштің жасалғаны баяндалды.

Үш ай төтенше жағдайда Түркияның министрлер кабинеті қауіпсіздік, саяси және әскери мәселелер бойынша шешім қабылдай алады. Бұл жағдайдың басшылығы да Ердоғанның қолында.