Түркия президентінің еліндегі соңғы өзгерістер туралы мәлімдемесі
(last modified Fri, 22 Jul 2016 11:20:05 GMT )
Шіл 22, 2016 17:20 Asia/Almaty
  • Түркия президентінің еліндегі соңғы өзгерістер туралы мәлімдемесі

 Түркия президенті: "Елдегі төтенше жағдайды үш айға ұзарту үшін еш кедергі жоқ" деді.

«Тренд» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні ел армиясы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіріледі деп мәлімдеді.

Түркия президенті сәтсіз әскери төңкерістен кейін Фетхуллаһ Гүлен тобына лаңкестік ұйым ретінде қатынас көрсетілетінін айтып, Түркияда қайтадан әскери төңкеріс жасаудың оңайға соқпайтынын қуаттап: «Армия осы сәтсіз әскери төңкерістен шынайы сабақ алуы керек» деді.

Ердоғанның айтуынша, өзге партиялардың келісімімен Түркияның Конституциясына шектеулі өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Осы сәтсіз әскери төңкеріс барысында кем дегенде 246 адам қаза болып, 1500-ден астам кісі жараланды. 10410 адам, соның ішінде 286 полиция офицері, 7423 сарбаз, 2014 судья және 686 әскери емес адам құрықталды.