Сауд Арабиясы 33 күндік соғыста Израильмен барлау саласында ынтымақтастық жасаған
Сауд Арабиясының Ливан Хезболла қарсыласу қозғалысымен дұшпандығы айқын болғаннан бірнеше айдан кейін бір сионист жоғары деңгейлі қайраткер Израильдің Ливанға жасаған 33 күндік шабуылы кезінде Сауд Арабиясының Тель- Авивке көптеген құпия мәлімет ұсынғанын әшкере етті.
Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздігін зерттеу кеңсесінің төрағасы Амус Ядлин Сауд Арабиясының 2006 жылы Израиль армиясының Ливанға қарсы 33 күнге созылған шабуылында Израиль армиясына стратегиялық маңызы бар мәліметтер ұсынғанын, Израиль армиясы сол мәліметтерді пайдалану арқылы Хезболла мен Ливан армиясы әлеуетінің бір бөлігін жойды» деп әшкере етті.
Израиль армиясының Барлау ұйымының бұрынғы төрағасы сәрсенбі күні соңғы айларда Израиль мен Сауд Арабиясының барлау және саяси ынтымақтастықтарының күшейтілуі туралы: «Хезболла Сауд Арабиясының Ливан мен Сириядағы мақсаттарын ілгерілетуіне кедергі болып отыр. Сол себепті Саудия патшалығы Хезболлаға соққы беру үшін кез- келген әрекетті қолдайды» деді.
Сионистік режим мен Саудия патшалығының Израильдің 2006 жылғы Ливан мен Хезболлаға жасаған шабуылдарында барлау саласында тығыз ынтымақтастық жасағаны мынадай жағдайда әшкереленіп отыр: Саудияның жоғары мәртебелі басшылары соңғы айларда әдеттен тыс өзінің Хезболламен дұшпандығын жария етіп, Хезболланы әлсіретуге немесе көзін жою үшін кез- келген әрекетке баратынын талай рет айтқан.
Сауд Арабиясы осыдан екі ай бұрын Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі мен Араб Лигасы елдерінің отырыстарында кейбір араб елдерін арандатумен экономикалық, ақпараттық және саяси салаларды Хезболлаға қарсы шаралар қолданды. Хезболлаға банк саласында санкция салуы мен араб спутниктерінен осы топтың бағдарламаларының таратылуын тоқтату осы шараларға жатады.
Хезболланың басшылары Сауд Арабиясының осы топқа қарсы қысымдарын маңызды емес деп атап: «Израильдік әскерилерді Ливанның оңтүстігінен шығара білген Хезболла қазір Ливан мен Сириядағы тәкфирлік лаңкестерге тосқауыл қоюына байланысты лаңкестерді демеушілер тарапынан қысым көріп отыр» дейді. Ливан қарсыласуы мен Сирия армиясы АҚШ пен Сауд Арабиясы қолдап отырған лаңкестерді басып-жаншуда табыстарға қол жеткізген соң Вашингтон мен Эр- Риядтың қарсыласу қозғалысына қарсы өшпенді шаралары артып отыр. Бірақ Хезболланың басшылары аймақтың және Ливанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бөгделердің баж сұрауына бас имейтіндігін қуаттап отыр.
Сол себепті ливандық тұлғалар мен мәртебелі басшылары, атап айтқанда осы елдің парламент төрағасы мен үкімет басшысы соңғы апталарда кейбір елдердің Хезболламен дұшпандығын және осы топтың шараларын лаңкестік деп атауын сынап, оны Ливанның бірлігі мен қауіпсіздігі үшін зиянды деп бағалады.
Осы көзқарас бойынша, АҚШ пен Сауд Арабиясының сионистердің көңілінен шығу үшін Хезболланы лаңкестік топ деп атау негізіндегі ортақ астыртын әрекеті АҚШ пен Сауд әулетінің араласушылық саясатына көмегін тигізбейтіні былай тұрсын, тіпті стратегиялық қателік болып табылады. Оны растаушылар мұсылман ұлттардың, соның ішінде Ливанның қаһарына ұшырайтын болады.