«Зелзал-3» зымыраны саудиялықтардың базасына тиді
(last modified Sun, 24 Jul 2016 16:00:06 GMT )
Шіл 24, 2016 22:00 Asia/Almaty
  • «Зелзал-3» зымыраны саудиялықтардың базасына тиді

Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің күштері Сауд Арабиясының Наджран аймағында Саудия армиясының бір әуе қорғаныс базасын «Зелзал-3» баллистикалық зымыранымен нысанаға алды.

Бір әскери дереккөзінің мәліметі бойынша, зымыран нысанаға дәл тиген. Осы мәліметке сәйкес, саудиялық шапқыншылардың тұрғылары мен базаларын зымыранмен атқылау Йеменге қарсы шапқыншылық тоқтағанша жалғасатын болады. Зымыран шекаралық майдандарда зеңбірекпен оқ жаудырумен бірге болған кескілескен шайқастардан кейін атылды.