Ирак азаматтарының өмірін қорғау үшін талпыныстарды ұлғайту қуатталды
(last modified Sun, 24 Jul 2016 16:32:37 GMT )
Шіл 24, 2016 22:32 Asia/Almaty
  • Ирак азаматтарының өмірін қорғау үшін талпыныстарды ұлғайту қуатталды

Ирак президенті мен "Бадр" ұйымының бас хатшысы  Ирак азаматтарының өмірін қорғау үшін талпыныстарды ұлғайтуды қуаттады.

Ирак президенті әкімшілігінің ақпарат тарату бюросының мәлімдеуі бойынша Ирак президенті Фуад Масум «Бадр» ұйымының бас хатшысы  Һади әл- Америді қабылдауында: «Мемлекет деңгейінде Ирак азаматтарының өмірін қорғау үшін талпыныстарды ұлғайтып, мешіттер мен ғибадатханалар және базарларда ДАИШ- тің лаңкестік қимылдарынан азаматтарды аулақ ұстау қажет»  деді.

Фуад Масум, сондай- ақ, Мосул қаласы мен Нейнава облысының барлық аймақтарын ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан жедел азат ету мақсатында осы лаңкестік топпен соғыс шепетерінде қарулы күштер арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін келешекте көбірек талпыныс жасауды қажеттілік деп атады.

Жексенбі күні Ирак астанасы Бағдад қаласының Әбуғұрайып аймағында бомба орнатылған бір автокөлік жарылысынан бір адам қаза болып, төрт адам жараланды.

Бағдадтың солтүстігінде Каземин қаласының Аден алаңында болған лаңкестік жарылыстан да 12 адам қаза болып, 28 адам жараланды.

Тегтер