Халифе әулеті режимінің күштері Бахрейн халқымен қақтығысты
(last modified Sun, 24 Jul 2016 16:36:26 GMT )
Шіл 24, 2016 22:36 Asia/Almaty
  • Халифе әулеті режимінің күштері Бахрейн халқымен қақтығысты

Бахрейн халқының осы ел шиіттерінің жетекшісімен бірліктерін жариялау рәсімінде Халифе әулеті режимінің күштері халықпен қақтығысты.

Ливанның    «Al-Manar» телеарнасының жексенбі күнгі хабарлауынша, Бахрейннің түрлі қалаларының халқы осымен бірнеше рет Халифе әулеті режимінің ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жоюдағы зұлым шарасына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шерулер Халифе әулеті режимінің қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа ұласты.

Бейбіт түрде өткен шеру барысында шерушілер өздерінің сөз бостандығы құқығы мен биліктің диктаторлық шешімдеріне тосқауыл қоюды қуаттады.

Бахрейндік наразы халық Бахрейн билігінен шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жою шешімінен бас тартуды сұрады. Бахрейндік азаматтар, сондай- ақ, Бахрейннің осы әйгілі шиіт рухани қайраткеріне қатыгездік қатынас көрсетудің салдарлары туралы Халифе әулеті режиміне ескерту жасады.

Бахрейндіктер шейх Иса Ғасеммен бірліктерін жариялап, ұрандар айтып, елде демократиялық өзгерістің орнатылуына мүдделік танытты.