Түркиядағы төңкеріс барысында 42 әскери тікұшақ пен 14 кеме жоғалып кеткен
Түркия армиясы бұл елде әскери төңкеріс болғаннан бері 42 әскери тікұшақ пен 14 кеменің жоғалып кеткенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің al-Massira ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркияның бір әскери қайраткері CNN телеарнасына берген сұхбатында әскери төңкеріс болғаннан бері 42 әскери тікұшақ пен 14 кеменің жоғалғанын растады.
Ол бұл тікұшақтардың болғашақта елдің ішкі жағдайын бұзу үшін пайдаланылу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.
Стамбұлдағы кейбір ақпарат көздері де Түркия Теңіз күштерінің 14 әскери кемесінің әскери төңкеріс болғаннан бері жоғалып кеткенін хабарлады.
Бұл ақпарат көздері әскери кемелердің осы уақытқа дейін өздерінің тұрақты орталықтарына қайтып оралмағанын мәлімдеді.