Халифе әулеті режимі шейх Иса Ғасемды ертең соттайды
Халифе әулеті режимі ертең сәрсенбі күні Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемды соттайды.
Ливанның «Al-Manar» хабар арнасының мәліметі бойынша, Бахрейннің қылмыстық соты ертең, сәрсенбі күні бахрейндік әйгілі рухани қайраткер шейх Иса Ғасемге тағылған айыптарды қарайтын алғашқы отырыстың өтетінін мәлімдеді.
Осы шиіт рухани қайраткерді соттаудың уақыты белгілі болған соң осы елдің халқы Манаманың әл-Дираз аймағына жиналды.
Бахрейн билігі елдегі саяси және діни белсенділерді құрықтаудың жалғасында таяуда осы елдегі шиіттердің жетекшісі шейх Иса Ғасемды «Халифе әулеті режиміне қарсы халықты арандатып, ақша жылыстатты» деген негізсіз айыппен құрықтап, азаматтығының күшін жойды.
Осындай жағдайда шетелде тұрып жатқан бахрейндік қарсылас топтар үндеу жариялап, әлемдегі ислам елдерінің органдары мен ұйымдары және әйгілі тұлғаларын Бахрейн халқына қол ұшын беруге және оларға қолдау көрсету үшін жедел шара қолдануға шақырып, 2016 жылдың шілде айының 29 күнін Бахрейн халқына үн қосудың әлемдік күні деп жариялады.
2011 жылғы халықтық революцияны басып-жаншуға қарамастан, осы ел Халифе әулеті режимінің қауіпсізік күштері мен бахрейндік наразы халық арасындағы қақтығыстарға әлі куә болып отыр.