Шіл 27, 2016 07:49 Asia/Almaty
  • Сионистердің палестиналықтарға қарсы шабуылдары жалғасуда

Палестинаның Қызыл Жарты Ай Қоғамы өз мәлімдемесінде жаулап алынған Құдс қаласының іргесінде Абудис қалашығында басқыншы режимнің полициясы мен палестиналықтар арасында болған қақтығыстан 37 палестиналықтың жараланғанын хабарлады. Олардың 19- ы оққа ұшып жараланса, қалғаны газдан тұншығып қалған.

Куә болғандардың айтуынша, осы қақтығыстар палестиналықтардың сионистік режимнің түрмелеріндегі аштық жариялаушыларға үн қосу шеруі өткен соң орын алған.

Тегтер