Амир Абдуллахиан: Теһран Бахрейннің ішкі ісіне араласпайды
(last modified Wed, 27 Jul 2016 09:39:51 GMT )
Шіл 27, 2016 15:39 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Теһран Бахрейннің ішкі ісіне араласпайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі ИИР-ның Бахрейннің ішкі ісіне араласпайтынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні бахрейндік дінбасы шейх Иса Ғасемның сотталуына реакциясында: «Бахрейннің осы ұлы тұлғасын соттау – дөрекі әрекет»,-деді.

Амир Абдуллахиан Иранның Бахрейн мен аймақта демократия, сөз бостандығы мен адам құқығының сақталуын қолдайтынын айтып: «Бахрейн үкіметі егер тарихтан ғибрат алмай, өзінің қателіктерін қайталаса, зиян шегетіні күмәнсіз. Сондықтан бұл елдің басшылары бөгделерге арқа сүйеудің орнына өз халқы жайлы ойлауы керек»,-деп мәлімдеді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Бахрейн дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болатынын айтып: «Шейх Әли Салманды заңсыз қамаудан босату, шейх Иса Ғасемнің абырой-беделін сақтау және қауіпсіздік шараларын тоқтату Бахрейндегі дағдарысты саяси жолмен шешуге қажет істердің бастамасы болып табылады»,-деді.