Түркиядағы әскери төңкеріске қатысты Иран ашық тұрғы ұстанған
Түркияның ислам республикасындағы елшісі Түркиядағы әскери төңкеріске қатысты Иранның тұрғысын ашық және мықты деп бағалады.
Ирандағы Түркия елшісі Реза Хакан Текин сәрсенбі күні «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран әскери төңкеріс әрекетінен кейін іле- шала осы шараны айыптау туралы ашық және мықты тұрғы ұстанып, Түркия үкіметі мен халқын қолдады. Осы әрекет келешекте екі жақты байланысқа оң әсерін тигізеді. Бұл ұстаным тек жақсы күндерде ғана емес, қиын күндерде де дос екенімізді көрсетті" деді.
Ирандағы Түркия елшісінің айтуынша, екі елдің байланысы соңғы 6 айда көбірек артқан және одан әрі кеңейе түседі. Ирандағы Түркия елшісі сондай- ақ Сирия дағдарысын шешу үшін саяси шешім жолын қолдайтындығын айтты.