Башар Асад лаңкестерге ұсыныс жасады
Сирия президенті егер лаңкестер өз қаруларын жерге қойса, барлығына кешірім жасалатынын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асад сәрсенбі күні Грецияның «ATV» арнасына берген сұхбатында: «Осы елде лаңкестік әрекеттер басталған кезден-ақ лаңкестерге өз қаруларын жерге қоюмен кешірілетіндіктерін айтқан таңдау ұсындық. Қазіргі кезде де бұл кешірім күшінде. Шамамен үш жылдан бері өздерінің қалыпты тіршіліктеріне оралу үшін қаруларын жерге қойған лаңкестер кешіріліп жатыр.
Өздерінің табиғи тіршіліктеріне оралатын лаңкестер, егер қаласа саяси салада белсенділік танытып, дауыс беру арқылы сайлану үшін де әрекет ете алады» деді.
Башар Асадтың осы шарасы Сирияда бейбітшілік орнатып, қарсыластарды елдегі қанқұйлы қатыгездіктерді доғаруға көндіру жолында жасаған талпынысы болып табылады.