Ирактың Қорғаныс министрі ДАИШ- ті құртуға көмектесіп жатқаны үшін Иранға алғыс айтты
(last modified Sat, 30 Jul 2016 12:23:42 GMT )
Шіл 30, 2016 18:23 Asia/Almaty
  • Ирактың Қорғаныс министрі ДАИШ- ті құртуға көмектесіп жатқаны үшін Иранға алғыс айтты

Ирактың Қорғаныс министрі Иран ислам республикасының осы елге ДАИШ лаңкестік тобымен күресуге көмектесіп жатқаны үшін алғыс айтты.

Ирактың Қорғаныс министрі Халед әл- Убайди: "Иран мен Ирак арасында әскери ынтымақтастық бар. Иран тікелей және жанама түрде Мосул қаласын ДАИШ- тің басқыншылығынан азат ету үшін Ирактың қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсетуде.

Иран түрлі жағдайларда лаңкестікпен күресте Иракқа қолдау көрсетіп, көмектерін жалғастыруда. Ирандық инженерлер мен әскери кеңесшілер Ирак армиясымен толық үйлесімділікте ирактық күштерді қолдап жатыр. Ирандық кеңесшілер Ирак үкіметінің ризалығымен осы елде жүр" деді.

Тегтер