Сауд Арабиясының бір топ қолбасшысы елдің мұрагер ханзадасына хат жолдады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1204-Сауд_Арабиясының_бір_топ_қолбасшысы_елдің_мұрагер_ханзадасына_хат_жолдады
Сауд Арабиясының бір топ жоғары шенді қолбасшысы осы елдің мұрагер ханзадасына жолдаған хатында Саудия әскерилерінің Сирияға құрлықтан араласу үшін қауқарсыздығын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 21, 2016 22:12 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының бір топ қолбасшысы елдің мұрагер ханзадасына хат жолдады

Сауд Арабиясының бір топ жоғары шенді қолбасшысы осы елдің мұрагер ханзадасына жолдаған хатында Саудия әскерилерінің Сирияға құрлықтан араласу үшін қауқарсыздығын қуаттады.

Ливанның «әл- Аһд» ақпарат торабының жексенбі күнгі мәліметі бойынша, әлеуметтік желілер Сауд Арабиясының әскери қолбасшыларының осы елдің мұрагер ханзадасы Мұхаммед Бин Найефке арнап жазған хатын жариялады. Сауд Арабиясының жоғары шенді қолбасшылары осы хатта елдерінің Сирияға құрлықтан араласуға қауқары жоқтығын қуаттады.

Сауд Арабиясының әскери қолбасшылары хатта Сауд Арабиясының күштерін Сирияға аттандыру Сауд Арабиясының ұлттық тұрақтылығын бұзатындығын және оның қауіпті салдарларға ие болатындығын ескертіп, Сауд әулетінің Сирияға әскери тұрғыдан араласу шешімін көбірек қарастыруға мүдделік танытты.

Сондай- ақ, Сауд Арабиясының жоғары шенді қолбасшылары осы елдің мұрагер ханзадасына жолдаған хатта Сауд Арабиясының Йемендегі амалдарының да құрлық күшінің өздеріне тапсырылған миссияларды атқарудағы салғырттығының салдарынан сәтсіздікке ұшырады деп ескертті. Хатқа штабтың бригада генералы және бас дивизия дәрежесіндегі 10 әскери қолбасшы қол қойған.

Сауд Арабияның тораптары бұдан бұрын Саудия сарайындағы Йеменге шапқыншылықты жалғастыру және Сирияға құрлықтан араласу ісіне қатысты келіспеушіліктің бар екендігін хабарлаған болатын.