Сирия армиясының терроризмді жоюға күш-қуаты жетеді
Сирия Президенті өз елі армиясының терроризмді жоюға күш-қуатының жететіндігіне сенім білдірді.
Сирия Президенті Башар Асад осы ел армиясының құрылған күніне орай жасаған жолдауында осы күштердің лаңкестікпен күрес жолындағы жетістіктеріне тоқталып: «Сирия армиясы лаңкестікпен күресте күш-қуатпен әрекет етіп, өзінің қарым-қабілетін дәлелдеді»,-деді.
Башар Асад Сирияның өз тарихындағы ең маңызды кезеңді бастан өткеріп жатқанына тоқталып, жеңіске жетіп өз еліне жарқын болашақ жасау үшін халықты төзімділікке, армияны табандылыққа шақырып:
«Сирия армиясы тарихи тамыры терең орган ретінде елдің қауіпсіздігі мен біртұтастығын қорғау жолында әрдайым алғы шептен көрінді. Сириялық күштердің лаңкестік топтармен соғыстағы ілгерілеушілігі кездейсоқтық емес, керісінше олардың күш-қуаты мен бастамашылдығының айқын дәлелі болып табылады»,-деді.