Ливандағы Иран елшілігіне лаңкестік шабуылды ұйымдастырған адам ұсталды
Ливандағы Иран елшілігіне лаңкестік шабуыл ұйымдастырушы ұсталды.
Әбу Тайып деген атпен танымал болған Ахмад Фазел құрықталған соң лаңкестік топтармен, соның ішінде «ән- Носрат майданы» тобымен ынтымақтастықта болғанын мойындады. Бұған дейін «Абдолла Изам» лаңкестік тобының жетекшісі әрі 2013 жылғы желтоқсанда Бейруттегі Иран елшілігіне лаңкестік шабуылдың негізгі ұйымдастырушысы болған Маджед әл- Маджедті Ливанның қауіпсіздік күштері ұстаған болатын. Біраз уақыттан кейін оның күдікті түрде өлгені туралы хабар жарияланды.
2013 жылы 19- шы қарашада Бейруттегі Иран елшілігінің алдында болған лаңкестік жарылыстардан 25 адам қаза болып, 150- ден астам кісі жараланды.
Ливандағы Иран ислам республикасының елшілігіне қарсы лаңкестік шабуылда қолданылған көлікке бомба орнатқан кісі құрықталды.