Иран Арабстанның шығысында шиіттердің мешітіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы жұма күні бірқатар намазханның өлімі және жараналануына соқтырған Арабстанның әл-Ахса облысындағы имам Реза (ғ.с.) мешітіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Садеқ Хосейн Джабери Ансари осы лаңкестік оқиғада құрбан болғандардың отбасыларына жанашырлық білдірумен қатар: "Арабстанның шығысындағы шиіттер қоныстанған мекендердегі мешіттер мен хосейниелерге лаңкестік шабуылдардың қайталануы осы аймақтың қауіпсіздігінің алаңдатарлық жағдайы мен қауіпсіздік күштерінің халықтың түрлі таптарын лаңкестік шабуылдардан қорғау міндетіне қатысты немқұрайдылығын көрсетеді" деді.
Жұма күні Арабстанның шығысындағы әл-Ахса аймағында орналасқан шиіттердің мешітіне жасалған лаңкестік шабуылда 5 адам қаза болып, 7 адам жараланды.