Бружерди: Лаңкестік топтармен күрес жалғасады
(last modified Wed, 03 Aug 2016 07:52:54 GMT )
Там 03, 2016 13:52 Asia/Almaty
  • Бружерди: Лаңкестік топтармен күрес жалғасады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы тәкфирлік лаңкестік топтармен күрестің барлық лаңкестерден тазартылғанша жалғасатынын қуаттады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бружерди Ливан астанасы Бейрутте сөйлеген сөзінде: «Сирия халқы мен үкіметінің 5 жылға созылған қарсыласуы, сондай- ақ Америка мен оның аймақтық және еуропалық одақтастарының барлық кедергі келтірулеріне қарамастан Ирак халқының төзімділігі нәтижеге жетіп, тәкфирлік лаңкестік топтардың өмірінің құлдырауы жалғасуда» деді.

Бружерди бастаған делегация сондай- ақ қарсыласу қозғалысының шәһидтеріне құрмет көрсеткен соң Иран ислам республикасының сионистік жау және тәкфирлік лаңкестікпен күресу үшін Ливанның қаһарман армиясына қару- жарақ түрғысынан көмек көрсетуге бұрынғысынша дайын екендігін қуаттап:

«Ливан мен аймақта Иранның қару- жарақ және тиісті әскери жабдықтар жағынан көмек көрсету үшін ниеті мен ықыласының адал екенін барша біледі.  Осы ниет пен ықылас өзгермейді» деді.