Сауд Арабиясының қылмыстары салдарынан жүздеген сириялық бала қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12208
Сирияның БҰҰ-дағы өкілі: «Сауд Арабиясының қылмыстары жүздеген сириялық баланың қаза табуына әкеліп соқтырды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 03, 2016 17:49 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының қылмыстары салдарынан жүздеген сириялық бала қаза тапты

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі: «Сауд Арабиясының қылмыстары жүздеген сириялық баланың қаза табуына әкеліп соқтырды»,-деді.

Сирияның «Сана» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы елдің БҰҰ-дағы өкілі Башар Джафари сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің қарулы қақтығыстар барысындағы балалардың жағдайы туралы отырысында сөйлеген сөзінде: «БҰҰ-ның есебінде Сауд әулетінің террористік ойларынан бастау алатын сириялық балаларға қарсы қатігездіктердің себептері қарастырылмаған.

Иордания астанасы Амманда орналасқан араб және шетелдік барлау ұйымдарының «Мук» іс-қимылдар штабы мыңдаған қарулы адамды Сириядағы ұстамды қарсыластар ретінде сириялық балаларға қарсы қылмыстар мен лаңкестік әрекеттер жасау үшін дайындап, басқарады.

БҰҰ-ның есебінде Израиль басқыншы режимі тудырған ауыр жағдай салдарынан Голан басып алынған аймағындағы сириялық балалардың кешіп жатқан азабына көңіл аударылмаған. Жүздеген сириялық баланың лаңкестік топтар тарапынан ұрлануы мәселесі тексерілуі тиіс»,-деді.