Бружерди: Саудияның мақсаттары тығырыққа тіреледі
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы "Саудия режимі соларды жүзеге асыру үшін талпыныс жасап жатқан мақсаттар тығырыққа тіреледі" деді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бружерди бастаған делегация сейсенбі күні Ливан парламентінің төрағасы Набих Берримен кездесуден кейін Набих Берридің бастамасымен барлық белсенді және ықпалды саяси ағымдар арасында ұлттық сұхбаттасулардың жаңа кезеңінің басталуына ризалық білдіріп: «Иран ислам республикасының бауырлас ел Ливанның ішінде тыныштық, қауіпсіздік, тұрақтылық және бірлік орнауы үшін көп еңбек еткені сөзсіз.
Соңғы 5 жылда Сирияда дағдарыс қалыптастыруда жасырын түрде негізгі себепші болған барлық тараптардың негізгі мақсаты сионистік дұшпанға қарсы қарсыласу қамалы ретінде Сирияға қарай бетбұру үшін адастыру және түбінде қарсыласу өзегіне соққы беру болып табылады» деді.