Газа секторының жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр
Сионистік режми Газа қоршауы тақырыбын шетке ығыстырумен өзінің осы аймақтағы зұлым саясатын жайбарақат жалғастыруды мақсат етіп отыр. Алайда Газа тұрғындарын қолдау жөніндегі әлемдік реакциялар және Изарильдің Газадағы әрекеттерінің күйретуші салдарларының қоғамдық пікір тарапынан қадағалануы Израильдің өзінің үстемқұмарлық мақсаттарына қол жеткізуде сәтсіздігін аңғартады.
Сионистік режим Газа қоршауы тақырыбын шетке қойып, өзінің осы аймақтағы зұлым саясатын жайбарақат жалғастыруды мақсат етіп отыр. Алайда Газа тұрғындарын қолдау жөніндегі әлемдік реакциялар және Израильдің Газадағы әрекеттерінің күйретуші салдарларының қоғамдық пікір тарапынан қадағалануы Израильдің өзінің үстемқұмарлық мақсаттарына қол жеткізудегі сәтсіздігін аңғартады.
Осы шеңберде сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы соғысқұмарлық саясатын жалғастыру шаралары мен Газа секторы қоршауын күшейтуі және соғыстан зардап шеккен осы аймақты қоршауын тарылту бағытындағы әрекеті халықаралық реакцияларға себеп болып отыр.
Сионистік режим Газа секторын қоршауды жерасты дуал салумен күшейтетінін және осы дуалды салуға Израильдің Соғыс министрлігі рұқсат бергенін мәлімдеді.
Осындай жағдайда Әлемдік Қызыл Крест Ұйымының өкілі Мемадо Су Газа исламдық университетінде бір топ палестиналық студенттің оқу бітіру рәсімінде осы аймақтағы адами ахуалдың ушығып отырғанына сілтеме жасап, Газа қоршауының күшін жою үшін халықаралық қауымдастықтың талпыныс жасауын сұрады.
Мемадо Су Газа секторындағы аса дағдарысты жағдай мен кедейлік пен жұмыссыздықтың ұлғаюын ескеріп: «Халық өз тіршілігін жалғастыру үшін көптеген қатерлер мен қоқан-лоққыларға тап болып отыр» деді.
2007 жылдан Газа секторы қоршауын күшейткен сионистік режим халық тығыз орналасқан осы аймаққа жабдықтар мен жағар май және негізгі тауарлардың енгізілуіне одан әлі кедергі келтіріп отыр. Газадағы ушыққан жағдац адам апатының орын алуы жөніндегі қатер қоңырауын соғып отыр.
Осы негізде соңғы кезде БҰҰ- ның сауда және даму конференциясы Палестина туралы өз есебінде Газа секторының қоршауда болуына және Израиль армиясының осы аймаққа үсті- үстіне шабуыл жасап жатқанынан байланысты осы аймақты 2020 жылға дейін адам тұруға болмайтын аймаққа айналуы мүмкін деп ескертті.
Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы адамгершілікке жат шараларының жалғасуы, атап айтқанда Газаны қоршауға алуы және де осы режимнің Газаға үсті- үстінен жан- жақты шабуыл жасауы осы аймақты дағдарысты жағдайға қойып отыр.
Сионистік режим соңғы жылдарда Газаны қоршаумен қоса осы аймақтың халқына қарсы үш рет соғыс ашты. Сионистік режимнің Газаға қарсы үшінші соғысы (50 күндік соғыс) 2014 жылы осы режимнің осы аймаққа қарсы бұрынғы соғыстары (22 күндік және 8 күндік) соғыстар секілді ауқымды ойрандықтар әкелді. Сионистік режимнің қатыгездік шаралары іс жүзінде Газа тұрғындары үшін тауқыметті жағдай тудырып отыр. Халықаралық қайраткерлер есеп ұсынумен және тұрғы ұстанумен соғыстан зардап шеккен осы аймақтың апатты ахуалы және Газа қоршауының күйретуші салдарлары жөнінде алаңдаушылық білдірген.
Қоғамдық пікір Палестина дағдарысы жөнінде халақыралық деңгейде шынайы түрде араласуды және Палестина халқының тауқыметін шешуді талап етіп отырса да Батыс үкіметтері осы негізде үнсіздік танытып, еш нәрсені білмегенсіп отыр.
Батыс ақпарат құралдарының көбісі сионистік режимнің демеушілерінен болып есептелетін өз үкіметтерінің саясатына еріп әлемдік сионизмнің ықпалы және солардың түсіндірулерімен Палестина халқына, әсіресе Газаның сионистік режим тарапынан қоршалуының салдарларына қатысты ақпараттарды таратпайды.
Соңғы жылдарда жүздеген палестиналық Газа секторы қоршауының күйретуші салдарларынан жан тапсырған. Осындай жағдайда халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ- ның сионистік режимге шынайы қатынас көрсетпей қол қусырып отыруының жалғасуы да іс жүзінде осы режимге палестиналықтарға қарсы қылмыстарын жалғастыруына тиісті мұрсат тудырып отыр.