Сионистер Газа секторында атысты тоқтату бітімін бұзды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12394-Сионистер_Газа_секторында_атысты_тоқтату_бітімін_бұзды
Сионистер тағы да Газа секторында палестиналықтарға шабуыл жасап, осы аймақтағы атысты тоқтату бітімін бұзды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 07, 2016 00:52 Asia/Almaty
  • Сионистер Газа секторында атысты тоқтату бітімін бұзды

Сионистер тағы да Газа секторында палестиналықтарға шабуыл жасап, осы аймақтағы атысты тоқтату бітімін бұзды.

Сионист әскерилер сенбі күні палестиналықтарға қысым жасау мақсатындағы өз саясаттарының жалғасында Газа секторындағы Хан Йунестегі палестиналық балықшылардың қайықтарына  қарай оқ атып, палестиналық балықшылардың жұмыстарына тосқауыл жасады.  Палестинадан келіп түскен келесі бір хабарға сәйкес, сионистік режимнің күштері Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Бейт-Лахмнің шығысындағы әл-Абидие қалашығындағы бостандыққа шыққан палестиналық тұтқын Ғасан Масуд ал-Асаның үйіне баса-көктеп кіріп, оны тағы да ұстап әкеткен.

Сионистер интифазаны тоқтатып, өздерінің жерлерін кеңейту мақсаттарына қол жеткізу бағытында палестиналықтарға қысым жасау үшін «қарулы болды» немесе «олард израильдік күштерге шабуыл жасауды мақсат етті» деген сылтаулармен ұдайы осы қорғансыз адамдарға шабуыл жасайды.

2015 жылдың қазан айынан басталған Құдс интифазасынан осы уақытқа дейін көптеген палестиналық осындай сылтаулармен өлтіріліп, жараланып немесе ұсталды.

Сионистік режим 2007 жылдан бері Газа секторының қоршауын күшейтіп, негізгі тауарлардың, соның ішінде жанар-жағар май, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарының соғыстың зардабын тартып отырған осы аймаққа енгізілуіне тосқауыл жасап келеді.