UNRWA Газадағы адами апат туралы ескертті
Там 07, 2016 01:08 Asia/Almaty
БҰҰ-на қарасты палестиналықтарға көмек көрсету және жұмыспен қамту агенттігі UNRWA-ның аға мүшесі Газадағы адами жағдайдың мүшкілге айналып бара жатқаны туралы ескертті.
UNRWA-ның ақпарат хатшысы Аднан Абу Хосне Газа секторы халқының 80 пайызының өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмектерге тәуелді екендігін, бұл көрсеткіштің күннен күнге артып бара жатқанын хабарлап: «Израильдің қоршау саясаты мен көмектесуші елдердің соғыстың қирандыларын қалпына келтіру үшін қаржылай міндеттерін орындамауы салдарынан Газа бұдан былай өмір сүруге жарамайды. Егер Газа қоршауы мен аймақтағы ауыз суды ластау жалғасатын болса, Газа 2020 жылы тұруға жарамайтын болады» деп ескертті.
Тегтер