Башар Асад: АҚШ – Таяу Шығыстағы қиындықтардың себепкері
(last modified Mon, 22 Feb 2016 09:17:51 GMT )
Ақп 22, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Башар Асад: АҚШ – Таяу Шығыстағы қиындықтардың себепкері

Сирия Президенті Башар Асад АҚШ-ты Таяу Шығыс аймағы қиындықтарының негізгі себепкері деп атады.

Сирияның САНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асад кеше, жексенбі күні Дамаскте Беларусь республикасының делегациясымен кездесіп: «АҚШ басқарған Батыс Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстың себепкері және тәуелсіз болғысы келіп, қарсыласатын халықтарды нысанаға алады. Батыс Таяу Шығыс аймағының жаңа картасын сызуды мақсат етуде. Сондықтан аймақ халықтары дұшпандардың қастандықтарына қатысты қырағы болуы қажет»,- деді.

Сирия Президенті еліндегі өзгерістер мен сириялық күштердің лаңкестерге қарсы күресіне тоқталып: «Сирияның лаңкестік пен оның қолдаушыларына қарсы соғысы шын мәнінде АҚШ басқарған Батыстың соғысқұмарлығына қарсы соғыс»,- деп қуаттады.