Шамхани: Кейбір елдер ДАИШ мәселесінің шешілуін қаламайды
(last modified Wed, 10 Aug 2016 03:23:08 GMT )
Там 10, 2016 09:23 Asia/Almaty
  • Шамхани: Кейбір елдер ДАИШ мәселесінің шешілуін қаламайды

Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы біріккен Ирак шеңберінде ұлыстар мен түрлі топтар арасында бірлік пен тұтастықтың орнатылуын сұрады.

Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының мәлімдеуінше, Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сейсенбі күні Теһранда Ирак Күрдістаны патриоттық одағы бас хатшысының орынбасары Бархам Салехті қабылдауында: «Иракта ДАИШ тобының көзі жойылуы бірліктің қалыптасуы мен ұлттық болмыстың күшеюінде әсерлі рөлге ие болады. Сол себепті кейбір шетелдік тараптар осы мәселенің шешілуін қаламайды» деді.

Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы бір үкіметтің біліктілігінің ең маңызды белгісін қауіпсіздік тұрғыдан үлкен қоқан-лоққыларға тосқауыл қою қабілеті деп атап: «Бүгінде Иракта дінбасылардың болуы және әскери және халықтық күштердің батырлығы мен үкіметтің парасаттылығының арқасында қалыптасқан мүмкіндік пен әлеует аймақтағы көптеген елдердің жалғыз арманы болып табылады» деді.

Ирак Күрдістаны патриоттық одағы бас хатшысының орынбасары да Иран ислам республикасының лаңкестікке тосқауыл қою негізіндегі бағалы шаралары мен толассыз қолдауларына алғыс айтып, Иранмен байланыс пен ынтымақтастықты кеңейтудің Ирак Күрдістаны үшін ерекше маңызға ие екендігін қуаттады.