Лариджани Иранның Ирактағы ұлттық бірлік үдерісін қолдайтынын қуаттады
(last modified Wed, 10 Aug 2016 08:51:37 GMT )
Там 10, 2016 14:51 Asia/Almaty
  • Лариджани Иранның Ирактағы ұлттық бірлік үдерісін қолдайтынын қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ирангың Ирактағы ұлттық бірлік үдерісін қолдайтынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Ирак Күрдістанының «Отансүйгіштер одағы» Бас хатшысының орынбасары Бархам Салехпен кездесуінде: «Ирактағы барлық саяси күштердің елдің әртүрлі өңірлеріндегі, соның ішінде Мосулдағы лаңкестерді жеңуге көмектесетін кезі келді»,-деп мәлімдеді.

Лариджани лаңкестерді демеушілердің Иракта қауымдық-тайпалық қайшылықтарды өршітуге күш салып жатқанына тоқталып: «Ирактың шиіт, сүннит және күрдтен тұратын саяси жетекшілерінің  қырағылығы мен ынтымақтастығының арқасында Ирак халқына қарсы дұшпандардың қастандықтары сәтсіздікке ұшырап, аймақта баянды тұрақтылық орнайды»,-деді.

Ирак Күрдістанының «Отансүйгіштер одағы» Бас хатшысының орынбасары да сөйлеген сөзінде: «Иран соңғы жылдардағы қиын-қыстау шақтарда Ирактың жапа шеккен халқының жанында болды. Осы достық сезім Ирак халқының жадында мәңгіге қалады»,-деді.