ДАИШ тобы өзінің маңызды құжаттарын Мосулдан Сирияның Ракка қаласына тасымалдады
ДАИШ лаңкестік тобы өзінің маңызды құжаттарын Ирактың солтүстігіндегі Мосулдан Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына тасымалдады.
«Alsumaria News» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының бір қауіпсіздік қызметкері сейсенбі күні: «ДАИШ осы топтың мүшелері мен карталарына қатысты мәліметтерден тұратын өзінің маңызды құжаттарын Ирактың Мосул қаласынан Сирияның Ракка қаласына тасымалдады»,-деп хабарлады.
Есімінің аталмауын сұраған бұл ирактық қауіпсіздік қызметкері, сондай-ақ: «Ирак әуе күштерінің ДАИШ-тың базаларын бомбалауы барысында осы топтың ең үлкен басшылары өлтірілгеннен кейін бұл топ өзінің негізгі резиденцияларының бірқатарын Мосул қаласындағы құпия үйлерге ауыстырды»,-деді.