Бахрейндіктер шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілдерін жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i12637-Бахрейндіктер_шейх_Иса_Ғасемнің_үйінің_алдындағы_ереуілдерін_жалғастыруда
Күннің ыстығына қарамастан Бахрейн халқы Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілдерін жалғастыруда.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 10, 2016 20:31 Asia/Almaty
  • Бахрейндіктер шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілдерін жалғастыруда

Күннің ыстығына қарамастан Бахрейн халқы Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы ереуілдерін жалғастыруда.

Манама қаласының батысындағы әл- Дираз аймағындағы Бахрейн шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемнің үйінің алдындағы халықтық ереуілдің басталғанына 50 күннен асты. Алайда Бахрейн режимі осы әрекетке қоршауға алу, құрықтау және тұлғалар мен діни үлемдерге қастандық жасау арқылы реакция көрсетіп отыр.

Бахрейн халқы Бахрейн шиіттеріне қарсы шаралардың тоқтатылуын және осы ел шиіттерінің жетекшісі шейх Иса Ғасемді қорғауды талап етіп отыр.

Халифе әулеті режимі  сәрсенбі күні таңертең шейх Азиз Хасан әл- Хазран есімді бахрейндік тағы бір рухани қайраткерді құрықтады.

Өткен екі айда Бахрейннің 149 тұлғасы мен діни үлемдері Халифе әулеті режимі тарапынан тергеуге шақырылды.