Там 11, 2016 15:15 Asia/Almaty
  • Ирак Премьер-министрі Иранның әскери кеңес тұрғысынан қолдауына алғыс айтты

Ирак Премьер-министрі Иранның ирактық күштерге әскери кеңес беру тұрғысынан қолдауына алғыс айтып: «Иранның әскери кеңесшілері Ирак үкіметінің өтінішімен жұмыс істейді»,-деді.

Ирак Премьер-министрі Хайдер ал-Абади Бағдадта «ДАИШ-ке қарсы күрес» атты халықаралық конференцияда: «Иранның әскери кеңесшілері Бағдадтың сұрауымен Иракқа келді. Ирак өз күштерінің лаңкестікпен күреске дайындық деңгейін арттыру үшін әскери дайындықтан өтуде бұрынғыдай шетелдік көмекті қажет етеді.    

Иракта ДАИШ лаңкестік тобымен соғысып жатқан адамдардың барлығы – ирактықтар. Ешбір шетелдік күш бұл соғысқа қатысып жатқан жоқ»,-деп қуаттады.

«ДАИШ-ке қарсы күрес» атты екікүндік халықаралық конференция әлемнің 50 елінің мамандары мен БҰҰ, Еуроодақ және НАТО өкілдерінің қатысуымен сәрсенбі күні  Бағдадта басталды.

Тегтер