Әмир Абдоллаһиян: Иран қарсыласу қозғалысы мен Сирияны қолдайды
(last modified Thu, 11 Aug 2016 13:16:05 GMT )
Там 11, 2016 19:16 Asia/Almaty
  • Әмир Абдоллаһиян: Иран қарсыласу қозғалысы мен Сирияны қолдайды

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Америка мен сионистік режимді ДАИШ пен «ән- Носрат майданының» негізін қалаушы әрі солардың қозғалтушы күші деп атады.

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиян Иранның қарсыласу қозғалысы мен Сирияны қолдайтынын қуаттап: «Сионистер лаңкестерге қолдау көрсетумен аймақта, тіпті Батыста бейберекеттік тудырып, оларды босқындар және лаңкестік дағдарысымен бетпе-бет келтіріп отыр.

Сирия дағдарысының басынан жаулап алынған Палестина тәкфирлік лаңкестердің баспанасы мен емделу орталығына айналды. Тәкфирлік лаңкестер Израильдің заңсыз режиміне қарсы еш шара қолданбайды, өйткені негізінен сионистер тарапынан қамтамасыз етіліп, басқарылуда.

Америка мен Сирия және Ирактағы кейбір шетелдік ойыншылар лаңкестікті құрал ретінде пайдаланудағы бұрыс саясатты жалғастыруы арқылы аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жүзеге асуына шынайы кедергі болып табылады» деді.