Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері ислам республикасын ислам әлеміндегі қауіпсіз арал деп атады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының құтпаларында аймақ елдеріндегі соңғы бейберекеттіктерге тоқталып: «Ислам елдерінің үкімет қайраткерлері шамамен 2 миллиард мұсылманның болашағына назар аударып, олардың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауы керек.
Ислам әлемінің үстемшіл елдерге қарсы тұруға шамасы жетеді. Бөгделер ислам елдеріне үстемдік етпеуі керек. Ислам елдері мықты болып, үстемшіл елдерге өздерінің ішкі істеріне араласуға рұқсат етпеуі керек» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті режимінің мұсылмандарға қарсы астыртын әрекеттеріне сілтеме жасап: «Сауд әулетінің кекшілдігі мен екіжүзділігі соңғы жылдары баршаға аян болды. Тәкфирлік және ДАИШ лаңкестік топтары Сауд Арабиясының долларларымен Йемен мен Сирияда, Ирак пен Бахрейн және Палестинада қылмыс жасап жатыр.
«Қасиетті кесенелердің қызметшісіміз» деген уәж айтатын Сауд әулеті Йеменде қылмыс жасап, аймақтағы өзге елдердің ісіне араласу арқылы тек дұшпандардың мүддесі бағытында әрекет етуде» деді.